Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді

Мақалалар

Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша жүреді

Енді екі қабаттан тұратын Red Bus экскурсиялық автобусы жаңа бағыт бойынша қаланың оң жағалауына кіретін болады. Жаңа маршруттың ұзындығы 30 км-ден асады.

Red Bus автобусындағы шолу экскурсиясының жаңартылған бағыты қаланың оң жағалауының келесі көрікті жерлерін қамтиды:

1. Есіл өзенінің жағалауы

2. Астана концерт залы

3. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы

4. екі ұлы қазақ хандарына арналған Керей мен Жәнібек ескерткіші

5. Елбасының жұмыс резиденциясы

6. "Жер ана" ескерткіші

7. "Арыс" көпірі сынды жерлер жатады.

 

Ескі бағыт пункттері:

- Хан Шатыр сауда ойын-сауық орталығы

- "Мәңгілік Ел" қақпасы

- "Нұр-Әлем" Болашақ энергиясы мұражайы

- ҚР Ұлттық музейі

- Астана Бәйтерек Монументі

- "Ailand" отбасылық демалыс орталығы

 

Еске сала кетейік, экскурсия Red Bus автобусында Hop-On Hop-Off принципі бойынша өткізіледі. Әрбір автобус 8 тілдегі (қазақ, ағылшын, орыс, қытай, неміс, түрік, испан, француз) аудиогидпен жабдықталған.

 

Құны:

Ересектерге - 3 000 теңге

Балаларға, студенттер мен зейнеткерлерге  - 2 000 теңге

5 жастан кіші балаларға-тегін

 

Экскурсия автобусы туралы толық ақпаратты redbus.kz -тен табуға болады.


Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/21890


#welcometonursultan #nursultan #kazakhstan #heartofthegreatsteppe #travel #usefull #tips #services #citypass #redbus #guide

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз