Италиядан Нұр-Сұлтанға Fiat-пен саяхат

Мақалалар

Италиядан Нұр-Сұлтанға Fiat-пен саяхат

Саяхат жасаудың бір ұтымды тұсы - жаңа қалаларды аралап, жаңа адамдармен танысу мүмкіндігінде.

Бұл жайлы бүгінгі мақаланың кейіпкері Италиядан келген Michele Squeri жақсы біледі. Үш айдан астам уақыт ішінде саяхатшы Еуропа мен Ресейдің жазықтарын аралап, жолда кездескен қалалармен және тұрғындармен танысты. Ресейге сапардың басты мақсаты аты аңызға айналған Байкал көлі болды.

Ең қызығы, қала қонағы бүкіл сапар бойы 14 мың шақырым жолды 1972 жылғы Fiat500 автокөлігімен жүріп өтті.

Michele Нұр Сұлтан қаласына 5 күн бұрын келді. Осы уақыт ішінде қонақ қаланың басты көрікті жерлерін аралап үлгерді - өзен жағасын, «Нұр Әлем» мұражайын, Атырау көпірін, мешіттерді.

Michele одан әрі Алматы арқылы оңтүстікке қарай Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне аттанбақ.

Біз Michele жайлы жолдар, жаңа таныстар және саяхаттан жағымды әсерлер тілейміз.



#welcometonursultan #kazakhstan #nursultan #heartofthegreatesteppe #trips #travellers #tourists #citybreak

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз