Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік туристер үшін 72 сағаттық визасыз режимі ұзартылды

Мақалалар

Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік туристер үшін 72 сағаттық визасыз режимі ұзартылды

Қытай және Үндістан азаматтары үшін керемет жаңалық!

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларына Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік туристер үшін 72 сағаттық визасыз режимі ұзартылды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан басқа аталған режим Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларында да әрекет етеді.
72 сағаттық визасыз режим жеке жолаушыларға да, туристік топтарға да қолданылады.

Транзиттік азаматтардың төлқұжаттарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өту уақыты көрсетілген шекара пункттерінде штамп қойылады.


Естеріңізге сала кетейік, 73 елдің азаматтары, соның ішінде Австрия, Әзірбайжан, Ресей және басқалары, Қазақстанға 14 күннен 90 күнге дейін визасыз кіруге құқылы.

Біздің қаламызға келіп, қазақтың қонақжайлылығынан ләззат алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
#welcometonursultan
#nursultan
#kazakhstan
#visafree
#trips
#travel
#airports

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз