«Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым»

22 қазан

19:00

Театр қойылымы

Бастап 1200 тг.

«Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым»

Автор: Т. Ахметжан

Премьера күні: қараша, 2019 жыл

Режиссёр: Нұрқанат Жақыпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Актерлар: Азамат Эсқұлов, Әділ Ахметов, Жандаулет Батай және т.б.

Жанр: мюзикл

Ұзақтығы: 

Жас санаты: 

Қосымша:

 

 

Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен.

Иә, махаббат бар жерде қарсылық қатар жүреді.  Қайшылықпен бетпе-бет келгенде, сезімнің де, өнердің де ішкі қарсылық қалыптастырары сөзсіз. Махаббат қолжетімсіз болған сайын, оған деген ессіз құштарлықтың  өрши түсері – өмір заңдылығы. Міне, осы шарасыздықтың шыңында ұлы сезім –МАХАББАТ тұр.

Сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдердің әсері музыка тілінде үн қатқанда тіпті күшейе түспек. Жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы әуен тербеген ғашықтардың махаббат хикаясы көрерменін де бей-жай қалдырмасы анық

Билет қайтару шарттары: танысу

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз