St. Regis Astana қонақ үйі

Бар

Қабанбай батыр к-сі 1

+7 7172 790 888

Сайт

St. Regis Astana қонақ үйі

Астананың қақ ортасындағы Орталық саябақта орналасқан қонақ үйдің беделді заманауи және неоклассикалық элементтерді біріктірген Wimberly Interiors британдық компаниясы жасаған авангард интерьері жүздеген жыл бұрын Нью-Йоркте пайда болған St. Regis мұрасының айнасы іспеттес.

La Rivière мейрамханасында, The Grill мейрамханасында, St. Regis коньяк барында немесе кітапханада аспаздық ұсыныстардан ләззәт алыңыз.

Сондай-ақ ұмытылмас іс-шараларды, отбасылық және корпоративті мерекелерді өткізуге болатын Astor үлкен бал залы мен 7 қосымша конференц-зал тәрізді залдар керемет ісер сыйлайтыны анық.

St. Regis қонақ үйінің ерекшеліктеріне мыналарды қосуға болады:

- Бас қызметші қызметі. Бас қызметшінің қызметіне жүктерді орау және буып-түю, сусындарды ұсыну, үтіктеу кіреді

-Түстен кейінгі шай рәсімі кезінде әр St. Regis қонақүйінің өмірі жандана түседі. Әр кеш сайын жергілікті дәстүрлерден нәр алған St. Regis мұрасының қайталанбас ұсынымынан дәм тату үшін түкпір-түкпірден келген қонақтарға шай ұсынылады

-Шампан Сабражы - айтулы оқиғалардың құрметіне шампанды қылышпен ашу рәсімі

Қонақ үй аумағында Iridium Спа орталығы бар. Оның ем қабылдау бөлмелерінің керемет дизайны және фирмалық шай рәсімі - нағыз талғампаздықтың көрінісі. Ал St.Regis Athletic Club клубы Technogym компаниясы ұсынған ARTIS® және OMNIA™ атты тренажерлардың жаңа тізбегін қамтитын көп қуатты талап ететін  жаттығуларға арналған жаңа жабдықтарды, жеке теледидарларды, ARKE ™ керек-жарақтары және жаттығу төсеніштерін ұсынады.

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз