The Ritz - Carlton, Astana

Бар

ул. Достык 16

+7 7172 734 000

Сайт

The Ritz - Carlton, Astana

Қонақ үй нөмірлерінің қоры 157 нөмірді қамтиды, олар кең әрі биік талғаммен жоспарланған, оның 32 нөмірі люкс және астананың көз тартар көрінісін тамашалауға мүмкіндік беретін 27 апартамент. 14-қабатта Клубтық қонақ жай орналасқан, мұнда қонақтарды дербес тіркеу және дербес консьерж қызметтері көрсетіледі және күні бойы дәмі тіл үйірер тағамдар мен сусындары мол бай дастархан жайылады.

Әлемдік үздік аспаздардың гастрономиялық шеберліктерінің барлық қырлары The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінің үш мейрамханасында ұсынылған. Негізгі кірер есіктің жанында көптеген табиғи органикалық өнімдерді ұсынатын Өzen лобби-мейрамханасы орналасқан. Mökki мейрамханасы өз қонақтарын күні бойы ерекше ас мәзірімен тәнті етеді. Галереяны White Rabbit Family тобының жаңа толықтырушысы Selfie Astana мейрамханасы аяқтайды. Ол өз аспаздық дәмдерімен және 18-қабаттағы биіктіктен көрінетін Астана көркімен дараланады.

СПА-орталық әр жыл мезгілінің ерекшелігіне сай ең таңдаулы сауықтыру жолдарымен танысып, авторлық емдеу тәсілдерін қабылдап, қарбалас тірліктен оңаша, тыныштықта тынығу үшін таптырмас орын. Оларды іріктеудің басты шарты – адамды қалпына келтіру, сергіту қасиеттері. СПА-кешенде құрғақ және дымқыл қызулы бу бөлмелері және жүзу бассейні бар, сондай-ақ мұнда фитнес-студияға баруға болады. 

Бұдан бөлек, The Ritz-Carlton, Astana естен кетпес кездесулер мен іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге мүмкіндік береді. Қонақтарға таңдаулы ас мәзірлері мен жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, бар жағдайыңызды жасайды. Салтанатты іс-шаралар мен маңызды оқиғаларды өткізу үшін The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде аумағы 1000 шаршы метр болатын Бал бөлмесі, іскерлік кездесулер мен
келіссөздерді өткізуге арналған кабинеттер бар және оның бәрі технология мен ойын- сауық саласындағы ең қажетті заманауи жетістіктермен жабдықталған.

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз