«Нұржол» желек жолы

Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы

Бос уақыт

«Нұржол» желек жолы

Егер Нұр-Cұлтанға барған кезде, айналаңызда жаяу жүргінші жолдары, гүлзарлар, жаңа заманауи ғимараттары мен астананың басты сәулет символдары тұрса, онда сіз «Нұржол бульварында» тұрған боларсыз. Ашық аспан астындағы бұл көрнекті жер - жаңа Нұр-Cұлтандағы сәулет ансамблінің нағыз орталығы.

Бульвар Президент резиденциясы Ақ ордадан, «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығына дейін созылды. Бульвардың ортасына «Бәйтерек» орналасқан, ал оның арасында ірі мемлекеттік органдар мен жекеменшік компаниялардың әкімшілік ғимараттары тұр. Олардың ішінде Үкімет, Сенат, Мәжіліс, Жоғары сот үйлері, Министрліктер үйі, Қорғаныс министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Транспорт және коммуникация министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, мемлекеттік мұрағат, Ұлттық кітапхана бар.

Жаяу жүргіншілер аумағы гүлдермен, субұрқақтармен, жайлы орындықтар қойылған гүлзарлармен безендірілген. Олардың әрқайсысының қайталанбас сипаты бар.

Келушілердің суреттері

#welcometonursultanкөмегімен суреттеріңізге хэштег қосып, фотосуреттеріңізді бізбен бөлісіңіз